Әділет министрлігінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын және Одақ құқығын құрайтын ЕАЭО органдарының актілерін әзірлеу мәселелері бойынша жыл сайынғы Семинар өткізілді

Әділет министрлігінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын және Одақ құқығын құрайтын ЕАЭО органдарының актілерін әзірлеу мәселелері бойынша жыл сайынғы Семинар өткізілді

2021 жылғы 24 маусымда Әділет министрлігінде мүдделі мемлекеттік органдардың заң қызметтері мен халықаралық ынтымақтастық департаменттері үшін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою, сондай-ақ Одақ құқығын құрайтын ЕАЭО органдарының халықаралық шарттары мен актілері туралы мәселелер бойынша семинар өткізілді.

 

Семинар онлайн-форматта өтті, оған 120-дан астам мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты (БП, ЖС, МҚІА, СЖҚІА. ҚНРДА, ҚМА, СЖРА, БҚДА, Есеп комитеті, ҰБ, ІІМ, ОСК, СІМ, ҚМ, ҰЭМ, ЦДИАӨМ, БҒМ, ЕХӘҚМ, ИИДМ, МСМ, АШМ, ДСМ, ЭМ, АҚДМ, ЭГТРМ, СИМ,ТЖМ).

 

Семинар барысында мемлекеттік органдардың өкілдері үшін халықаралық шарттардың жобаларын келісу және жасасу, оларды орындау және күшін жою тәртібі түсіндірілді, сондай-ақ ЕАЭО құрылымы және Одақ құқығын құрайтын ЕАЭО органдарының қабылданатын актілерінің ерекшеліктері түсіндірілді. Семинарға қатысушыларға ғылыми құқықтық сараптама жүргізудің жаңа моделінің ерекшеліктері түсіндірілді.

 

Мемлекеттік органдардың өкілдері өткізіліп жатқан семинардың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ халықаралық шарттарды жасасу тетігімен егжей-тегжейлі танысуға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.