Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығын көпшілік алдында талқылау туралы пресс-релиз

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығын көпшілік алдында талқылау туралы пресс-релиз

Осы арқылы азаматтардың назарына «Электрондық үкімет порталында»  «Ашық үкімет» - «Ашық НҚА» бөлімінде жария талқылау үшін «Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61  бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрі бұйрығының жобасы орналастырылғанын жеткіземіз.

Қоғамдық талқылау 2021 жылдың 24 маусымнан 9 шілдесіне дейін өтеді (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=9673092).

Барлық мүдделі азаматтар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің  нормативтік құқықтық актісінің жобасын талқылауға қатыса алады.