
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күніне орай Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А. Сыдыкованың ұйымдастыруымен Министрліктің Орталық аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында "Зияткерлік марафон" өткізілді. Іс-шараны өткізудегі ең басты мақсат - мемлекеттік қызметшілерді мотивациялау, ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру, сондай-ақ қызметкерлердің білімге және өзін-өзі дамытуға деген қызығушылықтарын ояту болып табылады. Аталған іс-шара ойын түрінде соңғы уақытта білім саласында оқу процесінде кеңінен пайдаланылатын KAHOOT бағдарламасының қосымшасы арқылы жүргізілді. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен қатысқан барлық мемлекеттік қызметшілер өз тараптарынан аса белсенділік танытты. Нәтижесінде, 1-орын Заңнама департаментінің сарапшысы Темірлан Медербекұлы, 2-орын Тіркеу қызметі және заң көмегін көрсету департаментінің сарапшысы Ғалия Деме, 3-орын Сараптамалық қызметті ұйымдастыру департаментінің сарапшысы Дамир Рахимбеков жеңімпаздар деп танылды.