Осы арқылы азаматтардың назарына «Электрондық үкімет порталында» «Ашық үкімет» - «Ашық НҚА» бөлімінде жария талқылау үшін «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы адвокатпен көрсетілетін есеп нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1457 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрі бұйрығының жобасы орналастырылғанын жеткіземіз.
Қоғамдық талқылау 2021 жылдың 21 маусымнан 5 шілдесіне дейін өтеді (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=9602208).
Барлық мүдделі азаматтар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актісінің жобасын талқылауға қатыса алады.