
2021 жылғы 12-30 мамыр аралығында Әділет министрлігімен «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбында үздік сурет және үздік ұранға конкурстар ұйымдастырылды.
Конкурстар зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғаудың қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету, зияткерлік меншікті қорғау мәселелері бойынша халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында өткізілетін жыл сайынғы «Контрафакт» республикалық акциясы шеңберінде өтті.
Үздік суретке арналған республикалық конкурс 2021 жылғы 12 мамыр мен 25 мамыр аралығында екі жас санатындағы 10-нан 12 жасқа дейінгі және 13-тен 15 жасқа дейінгі балалар үшін «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбында өткізілді.
Бұл байқау екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезең өңірлік деңгейде өткізілді. Осылайша, екі жас санаты бойынша үздік жұмыстарды аумақтық әділет органдарымен таңдалды, олар кейіннен одан әрі конкурстық комиссиямен қаралуы үшін Әділет министрлігіне жіберілді. Ең жақсы 32 сурет ұсынылды.
Конкурстық комиссияның шешімі бойынша 10 жастан 12 жасқа дейінгі ең үздік жұмыс деп Галстян Улета Альбертовнаның суреті танылды. 13 жастан 15 жасқа дейін комиссия мүшелері Шаболдасова Виктория Витальевнаның жұмысына дауыс берді.
Үздік ұранға арналған республикалық конкурс #КонкурсНЕТконтрафакту2021 хэштегімен қатысушының жеке профилінде (account) ұранды орналастыру арқылы Instagram әлеуметтік желісінің алаңында өтті.
Байқауға барлығы 109 қатысушы қатысты. Бұл ретте Зиянур Мейрленқызы Қайратованың «Таза өнім – таза өмір» ұраны үздік деп танылды, Instagram профилі @moldirkabdollina.
Жеңімпаздар планшеттермен марапатталады.