Жылжымайтын мүліктің кепілін тіркеу мерзімі 1 жұмыс күніне дейін қысқартылды

Жылжымайтын мүліктің кепілін тіркеу мерзімі 1 жұмыс күніне дейін қысқартылды

Бұл туралы ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев көрсетілетін мемлекеттік қызметтер процесін жетілдіру жөніндегі Министрліктің жүзеге асырған кешенді шаралары туралы баяндап, халықты хабардар етті.

«Жылжымайтын мүлік кепілін электронды тіркеу енгізілді. Енді банктер меншік иесімен кепіл шартын жасасқаннан кейін оны электрондық тіркеуге жібере алады, бұл азаматтардың Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінуін тоқтатады.  Кепілді тіркеу мерзімі 3 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне дейін қысқартылды», - деп хабарлады ведомство басшысы.

Өз сөзінде министр атап өткендей, сонымен бірге жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын құру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жүйені қолдану азаматтарға бір өтініш негізінде жер учаскесіне құқықты тіркеуге мүмкіндік береді. Осылайша, қызметтерді көрсету мерзімдері және сәйкесінше азаматтардың қаржылық шығындары азаяды.