Қазақстан НҚА-ны тіркеудің орталықтандырылған рәсіміне көшті

Қазақстан НҚА-ны тіркеудің орталықтандырылған рәсіміне көшті

2021 жылғы мамырдан бастап жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді Әділет министрлігі орталықтандырылған форматта жүзеге асырады. Бұл туралы халық алдында есеп беру кездесуінде ҚР Әділет министрлігінің басшысы Марат Бекетаев мәлімдеді.

Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің орталықтандырылған рәсіміне көшу бірыңғай құқық қолдану практикасын және өңірлік норма шығармашылығы саласындағы мәселелерді уақтылы өзектілендіруді қамтамасыз етеді.

Бұрын бұл рәсім Әділет министрлігінің аумақтық бөлімшелерімен жүзеге асырылған.

Әділет министрлігінің ақпараты бойынша аумақтық әділет органдарының штат саны оңтайландырылды. Үнемдеу шамамен 250 млн. теңгені құрайды.

Бұған дейін Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру бойынша пилоттық жобаны сәтті іске асырды, бұл оң нәтиже мен жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің орталықтандырылған форматын енгізудің орындылығын көрсеткендігін айта кетейік.