
2021 жылғы 2 маусымда Әділет министрлігі Нұрсұлтан Назарбаев қорыменжәне Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтымен бірлесіп, «Қазақстанның жаңа әкімшілік әділеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Аталған іс-шара ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (ӘРПК) арналған.
ӘРПК азаматтардың басқару шешімдерін қабылдауға белсенді қатысу және оларды билік органдарының ықтимал теріс қылықтарынан қорғау мүмкіндігін қамтамасыз етуге арналған принциптер мен кепілдіктерді бекітеді.
ӘРПК қолданысқа енгізілуі мемлекет пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа парадигмасын ұстанады және құқықтық мемлекет құру мен заңның үстемдігін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Іс-шараны ашқан Әділет министрі Марат Бекетаев: «Әкімшілік әділет жаңа моделінің мақсаты жанжалдылық деңгейін төмендету, бюрократиялық жұмыс нысанынан ауытқу болып табылады», - деп атап өтті.
Дөңгелек үстелдің модераторы Нұрсұлтан Назарбаев қорының Атқарушы директорының орынбасары, Қазақстан Республикасынан Еуропа Кеңесінің Венециандық комиссиясының мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов болды, ол: «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті (ӘРПК) әзірлеу бастамасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Еліміздің қоғамдық-саяси жүйесін демократияландыру процесі шеңберінде Елбасының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдармен азаматтардың дауларын объективті қарауды қамтамасыз етуге бағытталған ғалымдардың, сарапшылар мен заңгерлердің жұмысы ұйымдастырылды. Жаңа әкімшілік әділет қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай келеді. Осылайша, ӘРПК қазақстандықтардың құқықтарын қорғау мәселесін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған» деп аттап өтті.
Дөңгелек үстелдің ашылуында Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәми құттықтау сөз сөйлеп, «біздің әкімшілік соттарымыз басынан бастап принциптілік танытып, сот ісін жүргізудің жаңа нысаны қағидаттарын сақтауға ерекше назар аударуы керек»деп атап өтті.
Әділет Вице-министрі Наталья Пан өз сөзінде «ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін кодекс Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары құндылықтарына сәйкес мемлекет пен қоғам арасында туындайтын қатынастарға жаңа формат береді» деп атап өтті.
Аталған сессияда Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев, Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева, Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Талғат Сәрсенбаев, Лотарингия университетінің Құқық, экономика және басқару институтының директоры (Франция), заң ғылымдарының докторы, жария құқық профессоры, ұлттық сарапшы Пьер Тифин, «Орталық Азия елдеріндегі құқықтық мемлекеттілікке жәрдемдесу» халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының құқықтық бағдарламасының басшысы, судья Йорг Пуделька, заң ғылымдарының докторы, Латвия университетінің профессоры (Рига қ.) Гунарс Кутрис және т. б.
Пікірталас барысында спикерлерге сұрақтар қойылды, Кодекстің рәсімдік бөлігіне де, сондай-ақ әкімшілік заңнама бойынша нормаларға қатысты ережелеріне қызығушылық танытты. Әзірлеуші-Әділет министрлігі-сұрақтардың түсу кезінде қосымша түсіндіру кездесулері мен семинарлар өткізуге дайындығын білдірді.