
2021 жылғы 1 маусымда Әділет министрі М.Б. Бекетаевтың БҰҰ-ның Орталық Азиядағы адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының өңірлік өкілі Ришард Коменда мырзамен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қазақстанда адам құқықтарын сақтауды бағалаудың 14 ұлттық индикаторын кезең-кезеңмен енгізу, Хабарлау рәсіміне қатысты бала құқықтары туралы конвенция және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция бойынша Факультативтік хаттамаларға қосылу бойынша мәселелер талқыланды.
Кездесуге қатысушылар адвокатура және заң консультанттары институттарын жетілдіруді көздейтін заң жобасы туралы
пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша адам құқықтарын қорғау саласында 6 индикаторды кезең-кезеңімен енгізу жұмысы аясында ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Кездесу достық жағдайда өтті.