
Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ұйымдастырылған вебинарлар аясында халықаралық сарапшылар Қазақстанның Әділет министрлігінің дауларды шешу және алдын алу механизмін жетілдірудегі табысты тәжірибесін талқылады
28 мамыр 2021 жыл, Нұр-Сұлтан//
Пресс-релиз Қазақстан Республикасы әділет Министрлігі
2021 жылғы 27 мамырда Дүниежүзілік банк Қазақстанның Әділет министрлігімен бірлесіп "Халықаралық бизнес және инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша Қазақстанның тәжірибесі - дауларды шешу және алдын алу тетіктерін жетілдіру: профилактика, арбитраж және медиация" тақырыбында жоғары деңгейдегі вебинар өткізді.
Іс-шара Дүниежүзілік банк ұйымдастырған, Қазақстандағы сот реформасының циклы және оның адамдар мен бизнеске бағытталған сот төрелігін қайта құру үшін институционалдық және нормативтік базаны нығайтуға арналғанын вебинарлар сериясының бірі болып табылады.
Дүниежүзілік банктің Қазақстан бойынша елдік менеджері Жан Франсуа Марто өзінің кіріспе сөзінде сессияның негізгі тақырыбын - Қазақстанның инвестициялық дауларды шешуге бейімділігін және оның осы саладағы тәжірибесі инвестициялық алаң ретінде елдің тартымдылығына қалай әсер етуі мүмкін екенін ұсынды.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан дауларды шешу тетіктерін дамытуға ерекше назар аударатынын мәлімдеді. Бұл Қазақстандағы инвестициялық ахуалды отандық, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін одан әрі жақсартуға және Қазақстандағы құқық үстемдігін кеңінен көтермелеуге және қорғауға ықпал ететінін атап өтті. Министр мұндай жұмыстың мысалы ретінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының ашылуы болып табылатынын хабарлады. Министр сондай-ақ: "біздің институттарымыздың дамуы Қазақстанға қарсы басталған халықаралық төрелік істер санының азаюымен қатар жүрді", - деп Дүниежүзілік банктің соңғы деректеріне сілтеме жасады.
Профессор Джордж Берман, Колумбия заң мектебінің халықаралық коммерциялық және инвестициялық арбитраж орталығының профессоры және директоры, сессияның модераторы ретінде, дауларды шешу бойынша жетекші халықаралық сарапшылардан тұратын баяндамашылар тобын таныстырды. Оның түсіндіруінше, вебинар барлық мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан да басшылыққа алуы тиіс екі бәсекелес қағидатқа арналады: "біріншіден, мемлекеттердің төрелік шешімдерді құрметтеу және сақтау жалпы міндеті, екіншіден, мемлекеттің қолданылатын шарттарға сәйкес төрелік шешімдерге дау айту құқығы.” Профессор Берманн: "бұл шиеленісті дұрыс шешетін мемлекет, шынымен арбитраждық қағидаттарға сәйкес әрекет етеді және осылайша заңның үстемдігіне маңызды үлес қосады" деп түсіндірді.
Дүниежүзілік банктің Вице-президенті және инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың (ICSID) Бас хатшысы болып табылатын Мэг Киннер өзінің презентациясында ICSID қызметі және Қазақстанның қатысуымен өтетін ICSID алаңындағы төрелік даулар туралы айтып берді. Ол Қазақстан 1991 жылдан тәуелсіздік алған сәттен бастап тартылған жиырма үш инвестициялық дауларды қорытындылайтын статистика ұсынды. Бұл деректер аяқталған 19 істің 10-ы Қазақстанның пайдасына шешім шыққанын, 2-уі төрелік шешім шығарылғанға дейін реттелгенін, 6-уы төрелікте жеңілгенін және 1-уінің шешімі сотта әлі дауға салынып жатқанын көрсетті. Мәжбүрлеп орындатуға белсенді түрде дау көрсетіп жүрген Стати ісінен басқа барлық төрелік шешімді Қазақстан орындаған. Киннер ханым атап өткендей, бұл нәтиже басқа мемлекеттердің нәтижелеріне ұқсас және "өте теңгерімді".
Бұл көзқарасты проф. доктор Кай Хобер, Уппсала университетінің Халықаралық инвестициялық және сауда құқығының профессоры және 3 Verulam Buildings, Grey's Inn London қауымдастығының мүшесі толықтырды. Ол инвестициялық даулардың инвестициялық климатқа әсерін мемлекеттер мен инвесторлар тұрғысынан талқылады. Профессор Хобер білім беру мен кадрларды даярлаудың басты мәні бар екенін атап өтіп, статистика Қазақстан үшін жақсы екенін, бірақ мұндай нәтижелерді ескере отырып, көпшіліктің ойны сүйенбей, даудың түпкі себебін түсіну үшін әр жағдайды түбегейлі зерттеу қажет екенін атап өтті.
Вена университетінің Халықаралық және Еуропалық құқық профессоры Август Райниш соңғы екі онжылдықта айқын көрінетін нақты құбылысқа - инвестициялық арбитраждағы алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа назар аударды. Профессор Райнер алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықты көбінесе жанама дәлелдер мен айғақтарға сүйене отырып дәлелдеу қиын екенін атап өтті.
Профессор Райниш бұрын жасалған алаяқтық немесе сыбайлас жемқорлық жағдайлары, әдетте, юрисдикцияның болмауына немесе инвесторлардың талаптарын қабылдамауға әкеліп соқтырған кезде, коммерциялық арбитраж тәсілдеріне, сондай-ақ БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының 34-бабына негізделген шешімдерді талап ететін тенденцияларды қолдану керек деген қорытындыға келді.
Қазақстанның Әділет Вице-министрі Ақерке Ахметова дауларды шешу және алдын алу тетіктерін жетілдіру саласындағы Қазақстанның тәжірибесі мен реформалары туралы айтып берді. Ол соңғы жылдары көп нәрсе жасалғанын және "Қазақстанның Әділет министрлігі табысты реформалар мен өзгерістерге апаратын жол – ашықтық пен ашық талқылау деп санайтынын" атап өтті. Вице-министрдің айтуынша, Әділет министрлігінің дауларды шешу және алдын алу тетіктерін нығайтуға және өзгертуге бағытталған реформалары мен бастамаларын үш санатқа бөлуге болады: құқықтық базаны реформалау; институционалдық реформалар; және мәдени өзгерістер.Қорытындылай келе, Ахметова ханым барлық реформалар мен бастамалар барлық уақытта сақталуы тиіс құқық үстемдігінің жан-жақты принципіне сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтті.
Дүниежүзілік Банктің мемлекеттік сектор жөніндегі аға маманы Валид Малик қорытынды сөз сөйлеп, сессияның қатысушылары мен ұйымдастырушыларына алғыс білдірді және серияның келесі сессиясы 2021 жылғы 3 маусымда өтетінін жариялады.
Вебинардың видео жазбасын осы сілтеме арқылы көруге болады:
Слайдтың сілтемесі:
https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/documents/details/172245?lang=ru
https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/documents/details/172246?lang=ru