Қазақстан Республикасының Әділет министрі М. Б. Бекетаев «Үлкен Еуразия елдері» Әділет министрлерінің кездесуіне қатысты

Қазақстан Республикасының Әділет министрі М. Б. Бекетаев «Үлкен Еуразия елдері» Әділет министрлерінің кездесуіне қатысты

2021 жылғы 19 мамырда «Құқықтық вакцинация» 9 ¾ Петербург халықаралық заң форумы аясында Қазақстан Республикасының Әділет министрі М.Б. Бекетаев «Үлкен Еуразия елдері» Әділет министрлерінің «Жаңа дәуірдегі әділеттің цифрлық келбеті» тақырыбындағы кездесуіне қатысты.

Кездесуге Ресей Федерациясының, Армения Республикасының, Әзірбайжан Республикасының, Беларусь Республикасының, Кипр Республикасының, Моңғолия Республикасының, Сингапур Республикасының және Өзбекстан Республикасының Әділет министрлеріде қатысты.  

Қазақстан Республикасының Әділет министрі М.Б. Бекетаев кездесуге қатысушыларды құқықтық реформалар процесі туралы хабардар етті. Атап айтқанда, 2021 жылғы шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс туралы.

Сонымен қатар, жеке сот орындаушылары институтын одан әрі жетілдіру және нығайту, сондай-ақ әділет органдарының қызметін автоматтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.