Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығын
көпшілік алдында талқылау туралы пресс-релиз
Осы арқылы азаматтардың назарына «Электрондық үкімет порталында» «Ашық үкімет» - «Ашық НҚА» бөлімінде жария талқылау үшін «Жеке сот орындаушыларының қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 22 қантардағы № 32 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрі бұйрығының жобасы орналастырылғанын жеткіземіз.
Қоғамдық талқылау 2021 жылдың 13 мамырдан 27 мамырға дейін өтеді (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=8711847).