Алматы облысы Әділет департаменті «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп «Нұр Отан» партиясы Қапшағай қалалық және Іле аудандық филиалдарында көшпелі қабылдау өткізілді

Алматы облысы Әділет департаменті «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп «Нұр Отан» партиясы Қапшағай қалалық және Іле аудандық филиалдарында көшпелі қабылдау өткізілді

Азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық ақпараттануын арттыру, заң кеңестерін беру және құқықтық көмек көрсету мақсатында, 2018 жылдың 16 мамырында Алматы облысы Әділет департаментінің басшысы М.М. Қаныбековпен «Нұр Отан» партиясы Қапшағай қалалық және Іле аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде көшпелі қабылдау өткізілді.

Іс-шараға Әділет басқармаларының қызметкерлері, сот орындаушылар, «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысты.

Көшпелі  қабылдау  өткізу барысында жоғары аталған аумақтардың азаматтарына әділет органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқықтық көмек көрсетілді, сонымен бірге қолданыстағы заңнамалар аясында түсініктемелер берілді.

 

 

Алматы облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі