Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен облыс прокуратурасының, облыстың Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшылығының қатысуымен жеке сот орындаушыларға «Оңтүстік Қазақстан облысы атқарушылық округінің жеке сот орындаушыларының қызметінде заңдылық сақтау» тақырыбында семинар-кеңесі өтті.
Іс-шара барысында облыс аумағында жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарау нәтижесінде анықталған түйінді мәселелер және жеке сот орындаушыларының қызметінің негізгі көрсеткіштеріне жүргізілген талдау нәтижелері қамтылған өзекті мәселелері қаралды. Сонымен қатар, семинарда сот актілерді орындау тиімділігін арттыруға қатысты ұсыныстар енгізілді.
ОҚО Әділет департаментінің
баспасөз қызметі