Алматы облысы Әділет департаменті қызметкерлерінің, Қазақстан заңгерлер одағы мүшелерінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 17 мамырында Алматы облысының Нотариаттық палатасымен бірлесіп жекеше нотариустардың қатысуымен семинар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – Алматы облысының жекеше нотариустары арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Іс-шара барысында құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімі басшысының және бөлімнің бас маманының баяндамасы тыңдалды, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұсынысы, сондай-ақ Департаменттің тексеріс жүргізумен анықталған нотариаттық іс-әрекет жасау барысында Алматы облысы жекеше нотариустарымен жіберілген заң бұзушылықтар талқыланды, сонымен бірге Нотариустың үй-жайына қойылатын талаптарға қатысты мәселелер қаралды.
Семинардың қорытындысы бойынша ҚР ӘМ-нің хатында баяндалған ақпаратты назарға алу туралы, сондай-ақ нотариат саласындағы заңнамадағы өзгерістерге нотариустардың назар аудару қажеттілігі туралы ұсыныстар берілді.
Алматы облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі