
Бүгін Әділет вице министрі Наталья Пан Виссарионовнаның Қытай Халық Республикасының Әділет министрінің орынбасары Лю Чжицен бастаған делегациясымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Н. Пан қытайлық тарапты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қызметімен ұлттық заңнаманы қалыптастыру, құқықтық қызметтер көрсету, атқарушылық іс жүргізуді жүзеге асыруда мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру, сот сараптамасы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру туралы, зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды және қорғауды ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру туралы хабардар етті.
Қытай Халық Республикасының Әділет министрінің орынбасары Қытай Халық Республикасының Әділет министрлігінің қызметінің негізгі бағыттарымен, атап айтқанда заң шығару, құқықтық тәрбие, есірткі қылмысымен күрес, түзету мекемелері, арбитраж және дауларды сотқа дейінгі алдын-ала реттеумен таныстырды.
Тараптар екі жақты ынтымақтастықтың жай-күйін және Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарын құқықтық салада дамытудың одан әрі қадамдарын талқылады.
Кездесу соңында тараптар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Әділет министрлігі арасындағы құқықтық саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, және бір-біріне жемісті жұмыс тіледі.