
2018 жылғы 18 мамырда әділет органдарының мәселесі және Ұлт жоспарының 27 қадамын жүзеге асыру бойынша СҚО М.Жұмабаев ауданының халқымен кездесу өткізілді.
Кездесуге СҚО Әділет департаментінің басшылығы, облыстың жергілікті атқарушы органдарының, прокуратура, ішкі істер органдарының өкілдері, жеке сот орындаушылары қатысты.
Кездесуді өткізу барысында Ұлт жоспарының 27 қадамын жүзеге асырудағы басым бағыттары аталып өтті, әділет органдарының қызметкерлері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері сөз сөйледі.
Кездесудің соңында қатысушылар әділет органдары қызметінің барлық бағыттары бойынша кеңестік көмек алды.
СҚО Әділет департаментінің
баспасөз қызметі