
2018 жылғы 18 мамырда жыл сайынғы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өндірістік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша, сонымен қатар әділет органдарының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттық тобының құрамында басшының орынбасары Г.Қ. Қожахметованың СҚО Мамлют ауданының Белов селолық округіне шығуы ұйымдастырылды. Кездесуге 25 адам қатысты.
Кездесу барысында «Қолжетімді баспана 2020» мемлекеттік бағдарламасын, 2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы діни саладағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасын іске асыру, көліктік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру мәселелері қозғалды.
Кездесудің соңында барлық қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
Солтүстік Қазақстан облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі