Ағымдағы жылғы 26 ақпанда ҚР Әділет вице-министрі Пан Наталья Виссарионовнаның төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста мынадай заң жобалары қарастырылды:
1. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (баяндамашы – ҚР Әділет вице министрі Пан Наталья Виссарионовна );
2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуын формализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (баяндамашы – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице министрі Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы);
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 894 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Үкіметтің қаулы жобасын қарастыру («Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» заң жобасын және оған ілеспе заң жобасын Парламентке енгізу мерзімін маусымнан тамызға ауыстыру туралы) көзделген (баяндамашы –ҚР Қаржы вице министрі Баядилов Қанат Ескендірұлы).
ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02
presgov@mail.ru