ОҚО Әділет департаменті студентермен кездесті

ОҚО Әділет департаменті студентермен кездесті

Ағымдағы жылдың 22 мамыр күні ОҚО Әділет департаментінің ұйымдастыруымен жоғарғы оқу орындарының студенттері мен некеге тұруға ниет білдірген жастармен «Үйлену оңай, үй болу қиын» атты тақырыпта кездесу өткізілді.

Іс-шара барысында жастарға отбасылық құндылықтары мен «Отбасы» институтының маңыздылығы, ерлі-зайыптылардың жауапкершілігі мен отбасындағы тәрбие туралы мәселелер талқыланды.

Іс-шараға ОҚО әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөнінде комиссиясының төрайымы, Шымкент қаласының «Ана үйі» үйлестірушісі, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының жанындағы психолог, «Жастар ресурстық орталығының», Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, сондай-ақ  БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу соңында жаңадан некеге тұрушыларға салтанатты түрде неке куәліктері табысталды.