Жамбыл облысы Әділет департаменті зияткерлік меншік сұрақтары бойынша семинар өткізді

Жамбыл облысы Әділет департаменті зияткерлік меншік сұрақтары бойынша семинар өткізді

2018 жылдың 22 мамырында Жамбыл облысы Әділет департаменті Кәсіпкерлер палатасы мен жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен «Зияткерлік меншік заңнаманы жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын түсіндіру мақсатында семинар өткізді.

Семинар барысында Әділет департаментінің бас маманы Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі индексінің «Зияткерлік меншік құқығын қорғау» индикаторының басты талаптары туралы баянда жасады. Сонымен қатар, аталмыш заңмен енгізілген авторлық құқықпен қорғалатын туындылардың құқығын тіркеудегі жеңілдіктер, құқық иелерінің тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершіліктері түсіндірілді, сондай-ақ қатысушылардың тауарды стандарттау, сату және кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша сауалдарына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлер Кодексіне сәйкес жауаптар берілді.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі