Ауылдық округтердiң әкiмдері аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдарын аттестациялау өткізілді

Ауылдық округтердiң әкiмдері аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдарын аттестациялау өткізілді

ҚР «Нотариат туралы» Заңының 23 бабына және ҚР Әділет министрінің 09.03.1998 жылғы №150 бұйрығымен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттерді жасайтын лауазымды тұлғаларын аттестаттаудан өткізу туралы  Ережеге сәйкес,  Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен  2018 жылдың 18 және 22 мамыр күндері ауылдық округтердiң  әкiмдері аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдарын аттестациялау  өткізілді.

Қазіргі уақытта  облыс аумағында ауылдық округтердiң  әкiмдері аппараттарының  126 лауазымды адамдарына  нотариаттық іс-әрекеттерді жасау құқығы берілген. Өткізілген аттестацияға  54 лауазымды тұлға қатысты.

Күннің екінші жартысында аттестаттау комиссиясының мүшелері- Әділет департаментінің бөлім басшысы, облыс әкімі аппаратының, БҚО Нотариаттық палатасының өкілдері және лауазымды тұлғалардың қатысуымен нотариаттық іс әрекеттерді жасау және «Адвокаттық қызмет және  заң көмегі туралы» Заңжобасын түсіндіру  бойынша семинар өткізілді.

Семинар соңында лауазымды тұлғалардың сұрақтарына құқықтық кеңес берілді.

 

 

БҚО  Әділет департаментінің

баспасөз қызметі