Қарағанды облысы Әділет департаментінде бағалаушылармен семинар өткізілді

Қарағанды облысы Әділет департаментінде бағалаушылармен семинар өткізілді

2018 ж. 23 мамырда   Қарағанды облысы Әділет департаменті Қазақстандық бағалаушылар қауымдастығының Қарағанды облыстық палатасымен бірлесіп, департамент басшысының орынбасары Н.Кенжебаеваның төрағалық етуімен ҚР «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» жаңа Заңының негізгі қағидаларын талқылау жөнінде облыстың бағалау ұйымдарының өкілдерімен семинар өткізді.

Н.Кенжебаева өз сөзінде Заңның  бағалау қызметін реттеу жүйесін оны  реттеудің жүйесін өзгерту, халықаралық стандарттарын енгізу жолымен жетілдіруге бағытталғандығы туралы атап  өтті.

Заңмен  бағалау қызметі саласында бірқатар проблемаларды шешіледі, атап айтқанда, бағалау палатасына біріктіру жеке тұлғалар мүшелігі жағдайында жүзеге асырылады, оның саны кем дегенде  300 бағалаушы-жеке тұлғаны құрайды. Заңмен лицензиялаудың күшін жойылып және  бағалаушылар палатасы беретін «бағалаушы» біліктілігін беру туралы нормасы енгізіледі. Заңмен палатаның және оның мүшелерінің   тапсырыс берушілер мен үшінші тұлғалардың алдындағы мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз етуді құқықтық реттеу енгізіледі, бағалаушылар палатасының құқықтары мен міндеттері белгіленеді. Сондай-ақ, Н.Кенжебаева бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды Қаржы министрлігіне беру туралы мәселеге тоқталды.

Қарағанды облыстық бағалаушылар палатасының директоры өз баяндамасында атап өткендей, қазіргі уақытта  «Павлодар бағалаушылар палатасы», «Астаналық бағалаушылар палатасы» және «Кәсіптік бағалаушылар палатасы» қайта тіркеу сатысында. Бағалаушыларға қатысты шағымдарды қарау бойынша барлық өкілеттер аталған палаталарға беріледі. Шағымдарды қарау үшін, әрбір палатада даулы есептердің сенімділігін белгілеуге өкілетті сараптамалық кеңес құрылады. Сараптамалық кеңес  жалпы жиналыста сайланатын 5 мүшеден тұрады, оның құрамына олардың қатарындағы бес мүшесі сайлайтын төраға кіреді. Сондай-ақ, Қарағанды бағалаушылар палатасының директоры , жылжымалы, жылжымайтын мүліктерді бағалау бойынша жаңа есеп беру Стандартары әзірленіп жатқанын атап өтті.

Облыстың бағалау ұйымдарының өкілдері заңды талқылауға белсенді қатысты, оның нәтижесі бойынша барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

 

 

 

Қарағанды облысы

әділет департаментінің

баспасөз -қызметі