
2018 жылдың 25 мамырында Қостанай облысының Әділет департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және жауапкершілікке тарту механизмін енгізу ақпаратын қамтамасыз ететін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Бұл іс-шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облысы бойынша Депатртаментінің өкілдері, Әділет департаменті басшысының м.а., орынбасарлары және қызметкерлері қатысты.
Семинарда видео - роликтерді көрсету арқылы сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзімсіздік сезімін тәрбиелеуге бағытталған және жемқорлыққа қарсы саясаттың түсіндірілуіне арналған.
Іс-шара барысында дәріс берушіге сұрақтар қойылып толыққанды жауаптар алынды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі