2021 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министрі А.Е. Ахметова «Мемлекет, бизнес және КЕҰ: тұрақты даму жолындағы бірлік пен әріптестіктің 30 жылы» әлеуметтік жобалар Форумының панельдік сессиясына онлайн форматта қатысты.

«Мемлекет пен КЕҰ-дың азаматтық құқықтарды қорғау ынтымақтастығы» панельдік сессиясының модераторы журналист, aitube.kz бас редакторы – Е. Игисинов болды.

Пленарлық сессияның қатысушылары: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі – Е.Саиров, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл – А. Саин, «Атамекен» ҰКП төрағасының кеңесшісі – А. Ержан, «Адам құқықтары үшін Хартия» Қоғамдық қорының Атқарушы директоры – Ж. Турмагамбетова және ОА-дағы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Кеңсесінің өңірлік өкілі – Р. Коменда болды.

Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министрі                          А. Е. Ахметова өз сөзінде панельдік сессияға қатысушыларды Қазақстан Республикасында адам құқықтарын қорғау бойынша, оның ішінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (ҰҚСК), Президент Әкімшілігі жанындағы Адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының баяндамаларына ұсынымдар әзірлеу жөніндегі үйлестіру кеңесі, «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органы және т. б. диалог алаңдарында өткізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Сондай-ақ, адам құқықтары жөніндегі Әмбебап кезеңдік шолу және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті шеңберінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылы туралы хабарлады.