Әділет министрлігі адвокаттар көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегінің сапасын бақылау шеңберінде қолданыстағы заңнаманы өрескел бұзу фактілерін анықтады.
Соттар мен құқық қорғау органдары шығарған заң көмегіне ақы төлеу туралы қаулыларына жүргізілген салыстыру барысында адвокаттардың нақты жұмыс істеген уақытының сәйкессіздігі және заң көмегін көрсету уақытының қосарлануы фактілері анықталды.
Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу қағидасына сәйкес төлем туралы өтініште көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына адвокаттың өзі жауапты, ал есептерді тексеруді Адвокаттар алқасы жүзеге асырады.
Осыған байланысты, Астана қ. Әділет департаменті сот органдарына адвокаттардың лицензияларының әрекетін тоқтату туралы талап-арызға бастамашылық етті. Аталған талап арыздар адвокаттардың әділет органдарына кінәсін мойындап өтініш жасауына орай, қараусыз қалдырылған.
Әділет органдары Адвокаттар алқасына заң бұзушылардың тізімін жіберген болатын, Әділет министрлігі бірнеше рет Республикалық адвокаттар алқасының және аумақтық алқалардың жергілікті жерлерде тиісті жұмыстар жүргізу және шаралар қабылдау қажеттігі туралы хат жолдаған.
Республикалық адвокаттар алқасының функцияларының бірі аумақтық алқаның қызметін үйлестіру болып табылатындығын атап өту қажет.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Республикалық адвокаттар алқасының президиумы тәртіптік практиканың және адвокаттық қызметтің бірыңғай қағидаттары мен өлшемдерін қалыптастыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау үшін Адвокаттардың кәсіби этика кодексін қолдану мәселелері бойынша Комиссияны құрады.
Алайда, бүгінгі күнге дейін Республикалық адвокаттар алқасы жоғарыда көрсетілген жұмысты жүргізбеді және ешқандай шаралар қабылдамады.
Қазақстан Республикасында адвокатура мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген адамның өзінің құқықтарын, бостандығын, соттық қорғауға және білікті заң көмегін алуға ықпал етеді.
Бұл жағдайда, адвокатураның тәуелсіздігіне қарамастан азаматтардың құқығымен заңды мүдделері бұзылады, оның қызметі айқын болуы тиіс, ал алқаның өзі қоғаммен ашық сұқпатқа дайын болуы тиіс.
Еуропаның адвокаттық және заң қоғамдастықтары кеңесінің жарғысы клиентке деген адалдық принципін қамтиды, оның мәні сенімде ғана емес, сондай-ақ клиентпен жұмыс кезінде адвокаттық кәсіптің беделіне кір келтіретін әрекетке жол бермеуде.
Әлемнің дамыған елдеріндегі адвокаттық ұйымдарда ашықтық қағидаты және барлық заңды және реттеуші міндеттерді сақтау принципі әрекет етеді. Қоғаммен және реттеушімен ашық, заманауи және кооперативті мәнердегі жұмыс Англияның солиситорларының негізгі принциптерінің бірі болып табылады.
Халықаралық Адвокаттар Қауымдастық (ІВА) бекіткен Екінші Халықаралық принцип адвокат өзі байланысқа түсетіндердің барлығымен мемлекет кепілдік берген заң көмегін ұйымдастыру саласындағы уәкілетті органды қоса адал, әділетті және заңды әрекет етуі тиіс.
Осыған байланысты, Республикалық адвокаттар алқасы адвокаттардың және алқалар төрағаларының әрекеттерін қоғамдық ұйымдардың, бизнес қоғамдастық және БАҚ алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге сәйкес адвокаттар алқасы қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бөлігінде қатысуымен жариялы талқылауды өткізуі қажет.
Сөз соңында, жұмыстағы жүйелі сипатқа ие кемшіліктерге қарамастан Алматы, Астана, Ақтөбе қ.қ. адвокаттары алқасының төрағалары жаңа мерзімге қайта сайланғанын атап өткен жөн.