««Электронды Үкімет» қалыптастыру туралы» Президент Жарлығы және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіруді жүзеге асыру шеңберінде, Әділет министрлігіне азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді енгізуді жеделдету тапсырылған болатын.
Мұрағаттық акт жазбаларын санға ауыстыру 2013 жылдан бастап 2017 жылға дейін жүргізілді, 5 жылдың ішінде 16 өңірдің 1937 жылдан бастап 2008 жылға дейінгі мұрағаттары толық сканерленді.
Қазіргі уақытта АХАЖ Е-архив орталық серверінде сканерленген және атрибутталған 50 млн. акт жазбалары бар.
2018 жылдың маусымынан бастап, түзетуді жүргізу үшін 2008 жылға дейінгі тіркелген мұрағаттық акт жазбаларына қолжетімділікті ашу жоспарлануда. Осыған байланысты, азаматтардың дербес мәліметтерінде дұрыс емес мәліметтер көрінуі мүмкін.
Сканерлеудің жүргізілген уақытында азаматтар өзгерістер, түзетулер енгізуіне байланысты (мысалы, неке бұзу, ТАӘА ауыстыру, бала (қыз) асырап алу, әке болуды анықтау және т.б.), сонымен қатар, атрибуттау кезіндегі жіберілген кемшіліктерді жою үшін Әділет министрлігі Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен, «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясымен, жеке нотариустармен, тіркеуші органдармен (АХАТ бөлімдерімен) және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, акт жазбаларындағы актуальды емес алғашқы мәліметтерді түзету бойынша жұмыстар жүргізетін болады.
Өзінің дербес мәліметтерін тексерудің үш тәсілі бізбен қарастырылды:
«Электронды Үкімет» порталы арқылы азаматтар «жеке кабинетінде» өзінің жеке мәліметтерін, сондай-ақ өзінің балаларының мәліметтерін тексергенде;
Қандай да бір қызмет түрін алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде сәйкессіздік анықталса;
«АХАЖ» ақпараттық жүйесімен ақпараттық жүйелері біріктірілген мемлекеттік органдарға және жеке нотариустарға жүгінген кезде;
Сәйкессіздікті анықтаған жағдайда, азаматтар үшін түзетуге арыз берудің үш нұсқасы қарастырылды:
«Электронды Үкімет» порталындағы «жеке кабинет» арқылы дербес арыз беру (тиісті сервис қарастырылатын болады);
«ХҚКО» ақпараттық жүйесі арқылы тиісті арызды беруге мүмкіндігі бар Мемлекетті корпорация қызметкерлері арқылы;
Қандай да бір қызмет түрін алу үшін «АХАЖ» ақпараттық жүйесімен ақпараттық жүйелері біріктірілген жеке нотариустарға, мемлекеттік органдарға жүгінген кезде;
Жеке нотариустарға немесе мемлекеттік органдарға жүгінген кезде, арыз берушілерге тиісті түзетулерді жүргізу үшін тіркеуші органдарға (АХАТ бөлімдері) немесе Әділет департаменттеріне жүгіну қажеттігі түсіндірілетін болады.
Бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізілетін болады.