Тууды тіркеу сұрағы бойынша аймақтық конференциясы
7 маусым 2018 ж. Алматы қ.
А.ж. 7-8 маусымында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі БҰҰ БЖКБ, босқындар жұмысы бойынша БҰҰ агенттігі және Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түркменстан мен Өзбекстан Республикасының үкімет өкілдерімен өңірлік кездесу өткізеді.
Кездесу мақсаты Орталық Азия аймақтарында балалардың тууын тіркеуді өңірдегі азаматтықтың жоқтығы мәселесін шешумен байланыста қамтамасыз ету шарасының ортақ ұсыныстарын және мәселесін талдау болып табылады. Кездесу Азия мен Тынық мұхиты БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік комиссиясымен (ЭӘКАТМ) және БҰҰ (ЮНИСЕФ) балалар қорының қолдауымен ұйымдастырылды.
Озық тәжірибесімен алмасу үшін конференцияға Тайланд, Румыния және Ресей Федерациясының өкілдері шақырылды.
Азаматтығы жоқ ата-аналардың жеке басын анықтайтын құжаттарының болмауы Орталық Азияның мыңдаған балалары үшін күрделі салдар туғызатын мәселе болып табылады, өйткені баланы азаматтықпен қамтамасыз ету оның болашағы үшін өте маңызды.
Орталық Азияның бес ел өкілдерінің кездесуі кезінде тәжірибе қорымен алмасу жоспарланған, конференция қорытындысы бойынша азаматтықтың жоқтығын алдын алуға бағытталған ортақ ұсыныстар әзірленеді.
Бұл конференция Орталық Азия мемлекеттері үшін қатысушы елдермен «кері байланыс» алуға айырықша мүмкіндік береді.
Азаматтықтың жоқтығы жағдайында қалу қаупі бар балалардың құқықтарын қорғау мақсатында Орталық Азия мемлекеттері үкіметтерінің бірлескен жұмысы өз жалғасын табады.