Адвокаттық қызмет бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Адвокаттық қызмет бойынша дөңгелек үстел өткізілді

2018 жылдың 8 маусымында Астана қаласы Әділет департаментімен, мемлекеттік кепілдік берген заң көмегі шеңберінде соттар, қылмыстық қудалау органдарының қаулыларында көрсетілген мәліметтердің және Астана қаласы адвокаттар алқасы тапсырыстармен сәйкес келмеу мән-жайларын реттеу бойынша және мемлекетік кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың санын көбейту туралы туындаған мәселелерге қатысты дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараға сот, құқық қорғау органдарының, Астана қаласының адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында адвокаттар алқасының өтінімдерінің жолдау мерзімі, сондай-ақ сот, құқық қорғау органдарының қаулыларындағы қателіктер, мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың санын көбейту бойынша сұрақтары талқыланды.

Дөңгелек үстел қортындысы бойынша мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтау және  бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі шаралар қабылдау қажеттілігі тулалы шешім қабылданды.

 

Астана қаласы Әділет департаменті 

Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімі