
11 маусым күні Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде адвокаттардың, нотариустардың және жеке сот орындаушылардың көмекшілерімен, тағылымдамадан өтушілерімен және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының журналистермен кездесу өткізілді.


Кездесуге Адвокаттар алқасының Төраралық төрағасы Серік Баймұратов және Оңтүстік Қазақстан облысы заң кеңесшілерінің палатасының басшысы Оралбай Құдайберген қатысты.
Кездесуде Әділет департаменті басшысының орынбасары Мейржан Исабеков «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының заң көмегі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларының негізгі новеллалары бойынша түсіндірмелер берді.
Сонымен қатар, адвокаттардың, нотариустардың және жеке сот орындаушылардың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілеріне «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң жобасына сәйкес бастапқы нысаналы жарнасын төлеместен адвокаттар алқасына кіру мүмкіндігі назарларына жеткізілді.
Заң кеңесшілерінің құқықтары мен міндеттері, заң кеңесшілері палатасына мүшелікке тұру үшін қойылатын талаптар түсіндірілді.
Жергілікті БАҚ-ның өкілдеріне Заң жобаларының негзігі мақсаттары мен тиімділігі туралы сұхбат берілді.