Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

Интернет ресурстарда жеке сот орындаушылары (бұдан әрі - ЖСО) өз қызметтеріндегі күрделі кемшіліктерге қоғамның назарын аударып, Республикалық палатаның басшылығына сенімсіздік танытуда, сондай-ақ кезектен тыс съездің шақыртылуын талап етуде.

Қазіргі уақытта өз пікірін ашық айтқан ЖСО палата тарапынан қысым көруде, осыған байланысты олар өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуде.

Республикалық палатаның басшылығы сындарлы диалог жүргізудің орнына, әкімшілік ықпал ету құралдарын қолдануда, мұны барлық жеке сот орындаушылары қауымы теріс қабылдады.

Министрлік олардың қызметін реттейтін және бақылайтын уәкілетті орган ретінде ЖСО мен палатаның басшылығы арасында қалыптасқан жағдайға алаңдап отыр.  

Аталған жағдайды шешу мақсатында Министрлік Республикалық палатаның басшылығына сенімсіздіктерін білдірген ЖСО-ны, аталған палата басқармасының төрағасын және үкіметтік емес ұйымдарды шақыртумен жұмыс тобы нысанында келіссөз алаңын құру туралы шешім қабылдады.

Министрліктің ВАК залында ағымдағы жылғы 15 маусымда сағат 11-де өтетін жұмыс тобының отырысында проблемалы мәселелерді талқылап, оларды шешу шараларын қабылдау жоспарлануда.

 

ҚР Әділет министрлігінің

баспасөз қызметі

Тел: 74-06-01, 74-06-02

pressgov@mail.ru