Тегін заң кеңесі - халыққа көмек!

Тегін заң кеңесі - халыққа көмек!

2018 жылдың 12 маусымында Астана қаласының Әділет департаменті «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ Астана қалалық филиалымен бірлесіп, құқықтық ағарту саласын жетілдіру жөніндегі Тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының аясында, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Астана қаласы бойынша филиалы – №8 Сарыарқа аудандық бөлімінің ғимаратында азаматтарға тегін заң кеңесі берілді.


талған іс-шараны тиімді және нәтижелі жүзеге асыру барысында, Әділет департаментімен ұйымдастырылған тәжірибелі заңгерлер тобының құрамына қаланың нотариусы және адвокаты, департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің білікті мамандары, сонымен қатар, ІІД «Көші-қон полициясы басқармасы», «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Астана қаласы бойынша филиалы мен Астана қаласы «Заң кеңесшілері палатасы» АҚ өкілдері кірді.
Іс-шараның мақсаты - азаматтардың барлық санаттарына заңгерлік көмек көрсету, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын және құқықтық мәдениетін арттыру.

Іс-шара барысында 30-тан астам азаматтарға кәсіпкерлік, жер, отбасы, мұрагерлік құқығы, меншік құқығы және т.б. мәселелері бойынша тегін заңгерлік кеңес берілді. Сонымен қатар, өтініштерді, шағымдарды және басқа да құқықтық құжаттарды өңдеуге көмек көрсетілді.

Мәселелердің кейбірін заңгерлер жеке бақылауларына алып, оларды шешуге көмектесуге ұсыныс білдірді.

Ісшараның қорытындысы бойынша, қатысушылыр өздерін толғандырып жүрген түрлі саулдарына нақты  жауап алды.

            

Астана қаласы Әділет департаментінің

баспасөз қызметі