Қарағанды облысы департаментінде Адвокаттардың, нотарустардың, жеке сот орындаушылардың тағлымдамадан өтушілері мен көмекшілерінің қатысуымен семинар өткізілді

Қарағанды облысы департаментінде Адвокаттардың, нотарустардың, жеке сот орындаушылардың тағлымдамадан өтушілері мен көмекшілерінің қатысуымен семинар өткізілді

2018 ж. 11 маусымда Қарағанды облысы Әділет департаментінде облыстың адвокаттары, нотариустары, жеке сот орындаушылардың қатысуымен «Адвокаттық қызмет және  заң көмегі туралы» жаңа заң жобасының негізгі қағидаларын талқылау жөнінде семинар өткізілді.

Н.Н.Кенжебаева өз сөзінде атап өткендей, 5 мауымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында, екінші оқылымда «Адвокаттық қызмет және  заң көмегі туралы» және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары мақұлданды. Аталған заң жобаларының нормаларына сәйкес, адвокат маманды,ына қол жеткізуге мүмкіндік беретін алғашқы жарналарға тыйым салу, бәсекелестікті көтеру және оның санын арттыру көзделеді. Мұндай жарналар мазмұны бойынша мүліктік кедергі болып табылады. Қазіргі уақытта алқаға кіру үшін алғашқы жарнаның сомасы өңірге байланысты 1 миллион теңгеге жетеді. Көптеген азаматтар оған қол жеткізе бермейді. Сол себепті алғашқы жарнадан толық бас тарту ұсынылады. Ол жоғарғы оқу орнының түлектері мен жас заңгерлердің арасында қолдау тапты.

Облыстың адвокаттарының, нотариустардың, жеке сот орындаушыларының тағлымдамадан өтушілер мен көмекшілері тақырыпты талқылауға белсенді түрде қатысты, оның нәтижесі бойынша барлық сұрақтарға толық жауап берілді.

 

 

Қарағанды облысы

Әділет  департаментінің

баспасөз қызметі