«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдау жүргізілді

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдау жүргізілді

Ағымдағы жылғы 13 маусымда «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында Астана қаласы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Алан Тулебаевич Тленчиев азаматтарды қабылдады.

Қабылдауда  азаматтарды тұрғын үйден мәжбүрлі түрде шығару, алимент төлемдерін өндіру туралы сот актілерін орындау және жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі сұрақтары қарастырылды.

Қабылдау барысында  А.Т.Тленчиев  азаматтардың сұрақтарына қатысты түсініктер беріп, сот актілерінің орындалуын толық қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар  берді.

 

Астана қаласы Әділет департаментінің

баспасөз қызметі