
Бұл туралы Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев ОКҚ-да өткен брифингте хабарлады.
Жаңа заңға сәйкес енді жеке және заңды тұлғалар тіркеудің алты айлық мерзімін өткізіп алғаны үшін әкімшілік жазаға тартылмайды.
«Қызметтерді электрондық форматқа кезең-кезеңмен көшіру жылжымайтын мүлік дерекқорындағы меншік иесі туралы өзгерістерді уақтылы жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын енгізумен азаматтар бір мезгілде жер учаскесін алып, оны ресімдеп, өз құқықтарын тіркей алады»,-деді спикер.