Еліміздің нотариустары нотариаттық құжаттарға QR-кодты беретін болады

Еліміздің нотариустары нотариаттық құжаттарға QR-кодты беретін болады

Бүгін Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев Орталық коммуникациялар қызметі ортылығында нотариат және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы реформалар туралы баяндады.

Оның айтуынша, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап нотариаттық құжаттарға QR-код беріледі. Бұл оларды жалғаннан қорғауға және қағаз бланкілерден бас тартуға мүмкіндік береді.

Мысалы, егер бұрын сенімхаттың түпнұсқалығын тексеру нотариусқа жүгіну арқылы жүзеге асырылса, енді оны QR-код бойынша смартфондағы қосымшаның көмегімен немесе құжаттың сандық коды бойынша enis.kz сайтында тексеруге болады.