Өзіңіз білетіндей ағымдағы жылдың 9-11 наурыз аралығында адвокаттық қызметпен айналысуға, 16-18 наурыз аралығында нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестация өткізілген болатын.
Қазіргі таңда Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментімен (бұдан әрі – Департамент) аттестаттаудың бірінші кезеңі – Қазақстан Республикасының заңнамасын білу дайындығын кешенді компьютерлік тестілеу бойынша сұрақтардың дұрыстығы тексерілуде.
Осыған орай, тестілеу барысында кездескен дұрыс емес сұрақтар мен жауаптар, ұқсас жауаптар, мәтіндегі қателер және күшін жойған заңдар мен нормаларға сілмелер орын алған жағдайда ескертулер мен ұсыныстарыңызды d.zhaparova@adilet.gov.kz электрондық поштасына жолдауды сұраймыз.
Сонымен қатар, мұндай сұрақтар Сізбен тестілеу тапсыру барысында кездескен жағдайда көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң (аумақтық әділет органы) атына немесе Әділет министрлiгінiң мекенжайына шағыммен жүгінуге құқылы екеніңізді хабарлаймыз.