Ағымдағы жылдың 15 маусымы. сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасы Заң шығару институты» мемлекеттік мекемесімен бірге,ЕҚЫҰ Бағдарламаларының кеңсесінің қолдауымен «Құқық үстемдігін қамтамасыз ету: жаһандық өзгерістер аясында жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында көрнекті ғалым-заңгер,реформатор және Қазақстан Республикасының бұрынғы әділет министрі Н.А. Шайкеновті еске алуға,сонымен қатар Қазақстан Республикасы Заң шығару институтының 25 жылдығына орайластырылған V халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.
Конференцияның мақсаты ұлттық заңнаманы жетілдірудің өзекті мәселелерін толық талқылау және Қазақстандағы заң шығару процесі,ғылыми нәтижелер мен халықаралық тәжірибе алмасу.Конференцияға Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, мемлекеттік органдардың, халықаралық және ұлттық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстанның және шет елдердің ғылыми қоғамдастығының өкілдері, сондай-ақ Н.Ә. Шайкеновтың туысқандары мен достары қатысады.
Орналасқан жері: Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы 4, Radisson қонақ үйі.
Журналистерді аккредитациялау ағымдағы жылдың 14 маусымында сағат 18.00-ге дейін өтеді. электрондық поштаға pressgov@mail.ru.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02,
pressgov@mail.ru