Ағымдағы жылдың 13 маусымында,Әділет министрі М.Бекетаевтың Қоғамдық кеңестің алдында әділет органдарының қызметі туралы кездесуі өтті.
Кездесу барысында,Әділет министрі есепті кезеңде министрліктің қызметі,қадағалаудағы салалардың жұмыс туралы, болашақ мемлекеттік органның жоспарлары туралы ақпарат берді.Осылайша, заңнамалық қызметті жүзеге асыру үшін конституциялық реформалар, Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексіне түзетулер енгізу және меншік құқығын қорғауды күшейту, «Электронды заңнаманы» құру және жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Бұдан бөлек, Министр мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту және оңайлату, зияткерлік меншікті қорғау саласындағы насихаттау саласындағы реформалар туралы әңгімеледі.
Атқарушылық іс жүргізу және оларды шешу шаралары бойынша проблемалық мәселелерге көп көңіл бөлінді.
Қоғамдық кеңестің төрағасы О.Жұмабеков министрліктің барлық бағыттар бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарғанын атап өтті,сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi құқықтық қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi шұғыл түрде жүзеге асырғаны да айтылды,енді,бұдан әрі жұмыс істеу перспективалары туралы, оның ішінде азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды нығайту туралы айқын көзқарас бар.
Жиналысты қорытындылай келе, Қоғамдық кеңестің мүшелері Министрлік қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар берді.