2018 жылдың 12 мен 27 маусым аралығында Жамбыл облысы Әділет департаментінің және облыс прокуратурасының бастамасы бойынша, сондай-ақ, үйлестіру функцияларын жүзеге асыру шеңберінде, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, «Борышкер-2018» кең ауқымды акциясы өткізілуде.
Іс-шараға Әділет департаментінің, мемлекеттік кірістер департаментінің, әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері, жол полициясы қызметі, жергілікті инспекторлар, жеке сот орындаушылар және олардың көмекшілері, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының, қоғамдық бірлестіктердің және БАҚ өкілдері қатысады.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік кіріс, әкімшілік айыппұлдар және алименттер бойынша сомалардың өтелуі бойынша жұмыс тиімділігін арттыру болып табылады.
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі