ПРЕСС-РЕЛИЗ

 ПРЕСС-РЕЛИЗ

А.ж. 11 маусымда Парламент Сенатының пленарлық отырысының екінші оқылымында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қабылданды.

Заң заңнаманы жетілдіруге, объектілерді тіркеу тәртібін жеңілдетуге, құқықтық кемшіліктерді жоюға және зияткерлік меншікті қорғау саласындағы әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған. Осы мақсатта Заң зияткерлік меншік объектілерін тіркеу бойынша Әділет министрлігінің өкілеттігін сараптама ұйымына («Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны) беру арқылы зияткерлік меншік құқығы объектілерін тіркеудің бір деңгейлі жүйесіне көшуді көздейді Осылайша, тіркеу рәсімдері жеңілдетіледі және уақыты қысқартылады, тіркеудің электрондық форматы енгізіледі. Бұдан басқа, тауар белгілеріне құқықтарды бұзғаны үшін зиянды өтеу орнына өтемақы институты енгізілді. Біртекті (түпнұсқа) тауарлардың нарықтық құнын негізге ала отырып, құқықтары бұзылған жағдайда зиянды өтеу орнына құқық иеленуші соттың шешімі бойынша белгіленген өтемақы мөлшерін талап ету ұсынылады.

Сондай-ақ, контрафактілік тауарлар жойылуға жатады, ал түпнұсқалар тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келсе тауар таңбасын тауардан да, қаптамасынан да міндетті түрде жоя отырып, қоғамдық мүдделерге (балалар үйлеріне, мүгедектерге және т.б.) берілуі мүмкін. Сараптама ұйымы қабылдаған сәттен бастап тауар таңбаларына өтінімдерді міндетті түрде жариялау енгізіледі.

Сондай-ақ, Әділет министрлігі апелляциялық кеңесінің фирмалық атаулар мен тауар белгілерінің ұқсастығына қатысты дауларды қарау өкілеттігі мен апелляциялық кеңесте сотқа дейінгі қарауға жататын зияткерлік меншік объектілерін тіркеу бойынша даулар тізімі кеңейе түсті.