Астана қаласы Әділет департаментімен тағылымгерлер мен адвокаттардың көмекшілеріне «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасының негізгі ережелері түсіндірілді

Астана қаласы Әділет департаментімен тағылымгерлер мен адвокаттардың көмекшілеріне «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасының негізгі ережелері түсіндірілді

2018 жылдың 15 маусымында Астана қаласы Әділет департаментімен «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында тағылымгерлер мен адвокаттардың көмекшілерімен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобаларының негізгі ережелері, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокатттық және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өту ережесі түсіндірілді.

Сонымен қатар, тағылымгерлер мен адвокаттардың көмекшілеріне заң жобасына сәйкес, бастапқы нысаналы жарнасын төлеместен адвокаттар алқасына кіру мүмкіндігі және заң кеңесшілер палатасына кіруге қойылатын талаптары туралы ақпарат назарларына жеткізілді. Астана қаласының тағылымгерлері мен адвокаттардың көмекшілері заң жобаларын талқылауға белсенді қатысқандығын атап кету керек. Іс-шараны қорытындылай келе, адвокаттық қызметі бойынша қызығушылық тудыратын өзге сұрақтарға да жауаптар берілді. Астана қаласы Әділет департаменті