Қазақстан Республикасының Заңнама институты 25 жылдығын атап өтуде

Қазақстан Республикасының Заңнама институты 25 жылдығын атап өтуде

2018 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Заңнама институтымен бірлесіп, ЕҚЫҰ бағдарламалары офисінің қолдауымен көрнекті ғалым-заңгер, реформатор және Қазақстан Республикасының экс-әділет министрі Н.А. Шәйкеновті («Шайкенов оқулары») еске алуға арналған және Қазақстан Республикасы Заңнама институтының 25 жылдығына орайластырылған «Құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету: жаһандық өзгерістер аясындағы жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Кезекті конференцияның мақсаты Қазақстанда ұлттық заңнама мен құқық шығармашылығы процесін жетілдірудің өзекті мәселелерін жан-жақты талқылау, ғылыми нәтижелермен және халықаралық тәжірибемен алмасу болып табылады. Конференция жұмысы үш секция бойынша жүргізілді.

1. Заң шығару процесіндегі қоғамның рөлі;

2. Н.А. Шайкенов – Қазақстанның құқықтық реформасы мемлекеттік бағдарламасының әзірлеушісі және Қазақстан Республикасы Заңнама институтының негізін қалаушы;

3. Жариялық құқық салаларын дамыту және жетілдіру мәселелері. Конференцияға қатысу үшін барлығы 300 қатысушы тіркелді. Конференция географиясының ауқымы да кең. Биыл конференцияға Қазақстанның, 4 шетелдік мемлекеттің: Беларусь, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан өкілдері қатысты.

Конференция жұмысына Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, мемлекеттік органдардың, халықаралық және ұлттық мемлекеттік емес ұйымдардың, Қазақстанның және шет елдердің өкілдері, сондай-ақ Н.А. Шәйкеновтің туысқандары, достары мен әріптестері қатысты.

Конференцияда жоғары оқу орындарында, ғылыми және қоғамдық ұйымдарда, мемлекеттік органдарда жетекші ғалымдар мен практиктер жүргізетін ғылыми зерттеулердің тәжірибесі мен нәтижелері баяндалды. Конференция ғылыми қауымдастық, мемлекеттік аппарат үшін ақпарат алмасудың және халықаралық ынтымақтастықты дамытудың өзіндік ерекше алаңы болды. Конференция барысында құқықтың үстемдігі, заңнамалық процестегі парламенттік тыңдаулардың рөлі, ҚК-нің экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы нормаларын жетілдіру мәселелері, заңнамалық процестегі кәсіподақтардың рөлі және басқа да мәселелер туралы баяндамалар тыңдалып, талқыланды.

Конференция жұмысының аясында Заңнама институты қызметкерлерінің ғылыми еңбектерінің кітап көрмесі және Н.А. Шәйкеновті еске алуға арналған фото- және кітап көрмесі ұйымдастырылды. Конференция қорытындылары бойынша ұсынымдар қабылданды және олар тиісті мемлекеттік органдарға, қоғамдық, ғылыми ұйымдарға, ЖОО-ға жіберілетін болады және конференция баяндамаларының жинағын жариялау көзделді.

 

Әділет министрлігінің баспа қызметі, тел./факс: 74-06-01, 74-06-02 веб-сайт: http://www.adilet.gov.kz электрондық мекенжай:

ҚР Заңнама институты, тел./факс: 74-14-85, 74-14-50 веб-сайт: http://.iz.www.adilet.gov.kz әлеуметтік желілер: www.facebook.com/ҚР- Заңнама институты www.instagram.com./institute_of_legislation_kaz/ twitter.com/Zan_institute