ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығы 2018 жылғы 20-21 маусым аралығында Алматы қаласында «ШЫҰ мүше мемлекеттердің сот сараптамасы саласындағы әріптестігінің келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізуді жоспарлап отыр.
Бұл конференция ШЫҰ мүше мемлекеттердің Әділет министрлері кеңесінің Сот-сараптама қызметі жөніндегі сарапшылар жұмыс тобының міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған.
Конференцияға ҚР Парламентінің депутаттары, ШЫҰ мүше мемлекеттердің, Орталықпен серіктес мемлекеттердің сот сарапшылары, ҚР құқық қорғау және арнайы органдарының өкілдері, сондай-ақ, адвокаттар, нотариустар, сот сараптамасы саласындағы ғалымдар мен практиктер шақырылған.
Конференция барысында ШЫҰ мүше мемлекеттердің сот сараптамасы мәселелері бойынша ынтымақтасуының мүмкіндіктері, сот-сараптамасы және сот-медицинасы қызметіндегі заманауи қатерлер, сондай-ақ, оларды шешу жолдары, соның ішінде ШЫҰ мүше мемелекеттердегі сот-сараптама қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілері, сот сараптама саласындағы басқару жаңалықтары, сот сараптамасының жекелеген тегі мен түрлерінің теориялық және әдістемелік мәселелері талқыланатын болады.
Өткізу орны: Алматы қ.
Ұйымдастырушылық мәселелері мен
БАҚ мәселелері бойыншабайланыс деректері:
Нұрмұратова Альфия 8/7172/ 54-09-73
e-mail: kontrol@cse.kz