
2018 жылғы 18 маусымда Қостанай облысының Әділет департаменті Челябі мемлекеттік университеті Қостанай филиалының заң факультетінің 3-4 курс студенттерімен «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында адвокаттық қоғамға кіру тәртібі және кіру жарнасы түрінде мүліктік тосқауылды жою, сонымен қатар заң кеңесшілері палатасына кіру талаптары түсіндірілді.
Кездесу соңында студенттердің барлық қызықтырған сұрақтарына жауаптар берілді.
Қостанай облысы
Әділет департаменті
баспасөз қызметі