Ағымдағы жылғы 22 маусымда сағат 15.00-де Әділет министрі М.Бекетаевтың басшылығымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізіледі. Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес өкілдері қатысады.
Отырыста:
1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (әзірлеуші – ИДМ);
2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (әзірлеуші – ЭМ);
3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ядролық залал үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (әзірлеуші – ЭМ);
4. Әділет министрлігі әзірлеген шығындар, соның ішінде айырылып қалған пайда мен нақты зиянды анықтау тәртібін белгілеу бойынша мәселелерді қарастыру көзделген (Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 4-тармағы, әзірлеуші - ӘМ).
Өткізілетін орны: ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 10 қабат, №1056 кабинет.
Журналистерді тіркеу 2018 жылғы 21 маусым сағат 18.00-ге дейін
pressgov@mail.ru поштасы арқылы жүргізіледі.
ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02