Бүгін Әділет министрі Марат Бекетаевтың басшылығымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізілді. Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес өкілдері қатысты.
Отырыс барысында заң жобасының тұжырымдамалары қарастырылды:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру Заң жобасы (баяндамашы – Скляр Роман Васильевич – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Бірінші вице-министр);
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (баяндамашы – Ақшолақов Болат Оралұлы Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі);
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ядролық залал үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (баяндамашы– Ақшолақов Болат Оралұлы Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі).
Сонымен қатар, Әділет министрлігі әзірлеген шығындар, соның ішінде айырылып қалған пайда мен нақты зиянды анықтау тәртібін белгілеу бойынша мәселелер қарастырылды (баяндамашы – Пан Наталья Виссарионовна - ҚР Әділет вице-министрі).
Қалыптасқан дәстүр бойынша баяндамашылар журналистердің сауалдарына толық жауап берді.
ҚР Әділет министрлігінің
баспасөз қызметі,
тел: 74-06-01, 74-06-02