Әділет департаментінің бөлім басшысы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінде заң факультетінің жас түлектерімен кездесу өткізді

Әділет департаментінің бөлім басшысы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінде заң факультетінің жас түлектерімен кездесу өткізді

25 маусым күні Әділет департаментінің бөлім басшысы Негина Клышпаева Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінде заң факультетінің жас түлектерімен кездесу өткізіп, дәріс оқыды.

Кездесу барысында адвокаттық және нотариаттық  қызметпен айналысу үшін  лицензия алу тәртібі, Заң кеңесшілер палатасының мүшелігіне кіру тәртібі мен қойылатын талаптар, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң жобасының негізгі ережелері түсіндіріліп, Заң жобасына сәйкес бастапқы жарнаны төлеместен адвокаттар алқасының мүшелігіне кіру мүмкіндігі туралы  түсіндірілді.

Жас заңгерлермен заң саласындағы қызметті жетілдіру бойынша нормалар талқыланды.