Сот-сараптамасы органдарының материалдық-техникалық базасы 70%-ға жаңартылды

Сот-сараптамасы органдарының материалдық-техникалық базасы 70%-ға жаңартылды

"Сот-сараптамасы органдарының материалдық-техникалық базасы 70%-ға жаңартылды"

Бұл туралы брифинг барысында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев сот сараптамасы органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы атап өтті.

«Сот-сараптамасы органдарының материалдық-техникалық базасы 70%-ға жаңартылды, жаңа заманауи функционалдық зертханалық аспаптар мен жабдықтар сатып алынды, тозу нормаларына сәйкес компютерлік және офистік техника жаңартылуда», - деді министр.

Нұр-Сұлтан қаласында Сот сараптамалары институтының үлгілік ғимаратының құрылысы жүргізілуде.

«2021-2025 жылдары республиканың тағы 6 өңірінде (Шымкент қаласы, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Павлодар және Шығыс-Қазақстан облыстары) ғимараттар салу жоспарлануда», - деп қорытындылады М. Бекетаев.