
Соңғы бірнеше жылда 70-тен астам сарапшыға Ұлыбританияның жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» стипендиясы тағайындалды. Оның ішінде 55 сот сарапшысы тағылымдамадан өтті, 16 сот сарапшысы бір жылдық тағылымдамадан өтуде, - бұл туралы ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев ОКҚ брифингі барысында мәлімдеді.
Сонымен қатар, Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жүргізілген «Қазақстан Республикасында сот сараптамасын күшейту» жобасы шеңберінде 200-ден астам сарапшы Ресей, АҚШ, БАӘ, Ұлыбритания, Польша, Түркия елдерінде біліктілігін арттырды және алған озық дағдыларын сот сараптамасының отандық тәжірибесіне енгізуде.
Сарапшы кадрларды даярлаудың қазақстандық мектебі қалыптасуда. Ол үшін Сот сараптамасы орталығында негізгі міндеті мемлекеттік, сондай-ақ жеке сот сарапшыларын және сот-сараптама қызметімен айналысқысы келетін адамдарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру болып табылатын Оқу орталығы құрылды.
Оның базасында сот сарапшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ шетелдік сарапшылар оқытылуда.